Канадада су тасқыны қаупіне байланысты 785 адам эвакуацияланды


Канаданың Квебек қаласының билігі нөсерге байланысты туындауы мүмкін су тасқыны қаупіне байланысты 785 адамды эвакуациялады. 

Бұл туралы CBC телеарнасы хабарлайды. Телеарнаның мәліметі бойынша, су тасқынынан бұл аптада 124 елді мекендегі 1326 адам зардап шеккен. «Біз қазір қиын жағдайға тап болдық. Бірақ онымен жалғыз күресіп жатқан жоқпыз. Өкінішке қарай, жағдай алдағы күндері ушыға түспек», – дейді қала мэрі Мартин Койте. Белгілі болғандай, Торонтодағы Пирсон әуежайының өкілдері жолаушыларға рейстердің кейінге шегерілуі мүмкіндігін ескерткен.

Дерккөз: Www.Khabar.Kz


®Азияинфо - Asia info™ | Сілтеме | Дереккөз | Авторлық құқық™
Бөлісу тақырыбы: Азияинфо - Asia info » Канадада су тасқыны қаупіне байланысты 785 адам эвакуацияланды
Тұрақты сілтеме: /A_ekonomika/2017-05-06/626.html