Лондонда АХҚО жанынан құрылған Құқықтық консультациялық кеңестің бірінші отырысы өтті

Лондонда «Астана» халықаралық қаржы орталығының жанынан құрылған Құқықтық консультациялық кеңестің бірінші отырысы өтті. Бұл туралы АХҚО баспасөз қызметі хабарлайды. 

Шараның ашылу сөзін «Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) басқарушысы Қайрат Келімбетов, ҚР Ұлыбритания мен Солтүстік Ирландиядағы Елшісі Ерлан Ыдырысов және Англия мен Уэльстің экс-Бас Жоғарғы судьясы Лорд Гарри Кеннет Вульф алды. Жиналысқа аталған кеңестің құрамына кіретін Ұлыбританияның беделді заң фирмалары қатысты. 

Кеңес міндетіне қаржы орталығының жобаларындағы актілерді қарау және сараптау, сондай-ақ өзге де кеңес беру қызметтері жатады. Сонымен қатар кеңес құзіретіне Англия мен Уэльстің құқықтық қағидаларын негізге ала отырып, құқықтық базаны қалыптастыру және де әлемдегі жетекші қаржы орталықтарының стандарттарымен жұмыс істеу де кіреді. 

«Астана» халықаралық қаржы орталығының басқарушысы Қайрат Келімбетовтің сөзінше, Англия мен Уэльстің құқықтық құзіреті жүретін елдерде тәжірибиесі бар сарапшылар құрамына кіріп отырған кеңес болашақта қаржы орталығының актілерін әзірлеу мен оның қызметіне көп көмегін тигізбек. Ол сондай-ақ Құқықтық консультациялық кеңестің жұмысына Baker McKenzie, Devonshires, Hogan Lovells, Michelmores, Norton Rose Fulbright, and White & Case секілді әлемнің белді компаниялары да тартылып отырғанын мәлімдеді.

Дерккөз: Www.24.Kz

®Азияинфо - Asia info™ | Сілтеме | Дереккөз | Авторлық құқық™
Бөлісу тақырыбы: Азияинфо - Asia info » Лондонда АХҚО жанынан құрылған Құқықтық консультациялық кеңестің бірінші отырысы өтті
Тұрақты сілтеме: /A_ekonomika/2017-05-07/632.html