Ақшаны қалай жинау керек? Қарапайым кеңестер

Ақшаны қалай жинау үйрену-көпшіліктің арманы, алайда қолдан келе бермейтін іс екені аян. «Ертеңге» қалдырудың сан алуан сылтаулары бар,тіпті келесі айға да қалып жатады. Бүгін-ақ бастап кету үшін сізге мынадай қарапайым кеңестер бар:

kak_kopit_dengi_pravilno3.jpg

Өзіміз үшін мақсат қоямыз. Ақшаны жинауды үйрену үшін, кейбір заттарды түсінгеніміз жөн: сізге оның қандай керектігі бар. «Әйтеуір бір күні болар» деген-іске аспайды! Әр адамның басынан ойламаған шығыс шығады, бұл басты себеп. Мұндай шығыс түрін ұмытып, өз ойыңызды нақты бір мақсатқа жинақтағаныңыз дұрыс-жаңа көлік, ноутбук,пәтер және т.б. Егер көз алдыңызда белгілі бір көрініс бар болса,алға жылжуыңызға негіз болады және сізге ұнары анық.

Уақыт шектеуін қоямыз. Ақшаны қалай жинау басты мақсатын анықтап алғаннан кейін,керекті қаражатыңызды жинайтын уақытты белгілеу керек. Әрине, өз әліңіздің қандай екенін есте сақтау керек. Көлікке қаражат жинайсыз ба? Керемет-мақсат қана қоймай, ол мақсатыңызды бір жыл ішінде орындауға тырысу керек. Болмаса бар еңбегіңіз текке кетеді-бұл жолы ештенке де жимаймын, өйткені маған компьютерге принтер сатып алу қажет!

v5foIt8d-XE.jpg

Қаражат көлемін есептейміз. Мақсатыңыздың бағасы мен уақытын негіз ете отырып, белгілі бір қаражат бөлігін белгілі бір уақыт аралығында жинау керектігін анықтау керек (күн,апта, ай). Мысалы,бір жыл ішінде құны 220 000 теңге болатын компьютерге қаражат жинағыңыз келеді. Демек, сіз ай сайын 19 000 теңгеден жинап отыруыңыз керек. Мұндай қаражатты көтере алмайтын сияқты көріне ме? Ондай жағдайда уақытты созып көріңіз және қайта есептеңіз. Қарапайым математика қаражатты жиюға көмектеседі.

Не маңыздырақ. Сіз үшін не маңыздырақ? – жаңа айфон немесе ойын құрылғысы? Бір нәрседен бас тартуыңызға тура келеді. Болмаса ақшаны қалай жинау керек деген мәселе сізді мазаламас еді. Өз игілігіңіз бен күшіңізді есептеп, тек басты мақсатқа қана көңіл бөліңіз.

Шығысты азайтамыз. Бұл шарт алдынғы мәселеден туады. Алдағы уақытқа қаражатты сақтау үшін, қазіргі уақыттағы шығыстарды қысқарту абзал. Қаражат көлемін сақтаудағы ереже. Ақша жұмсаудағы күдікті шығыс түрлері бар болса, аяусыз қысқартыңыз. Мысалы, апта сайын түнгі клубтарға бару-өте көңілді әрине, бірақ ақша жинауды бастағаннан кейін, үйде отырғаныңыз дұрыс болар? Денсаулығыңыз да сақталып, ақшаңыз да орнында қалады.

terceirizacao-impressao-toner-print.jpg

Бұл кеңес тек ақша жинауда ғана пайдалы емес. Егер сіз кіріс пен шығыстың нақты көлемін білсеңіз, сіздің жоспарланған бюджетіңіз орындалмақ. Оған қоса ақша жинауды үйренесіз. Сонымен қатар, нақты бюджетіңіз бола тұра, сіз аптасына не айына бұрынғыдай қаражат жұмсамайтын боласыз. Қымбат кафелерде бір кеш үшін алаңсыз 50$ төлемейтін боласыз.

Толығымен дерлік несиеден бас тартамыз. Біріншіден-несие алу ереже бойыншаүлкен пайыз қосады. Екіншіден – қолыңызда өз ақшаңыз емес, бөтен ақша болғандықтан, оны жұмсау оңай іске айналады. Еңбекпен ақша табу банктен алған ақшаға қарағанда қиынырақ. Ақшаны жинауды үйрену сіз ойлағаннан күрделірек. Ең бастысы ниет пен мақсат болса болғаны, Іске сәт!

Besitzindex2-768x512.jpg


Дерккөз: www.tabysker.kz

®Азияинфо - Asia info™ | Сілтеме | Дереккөз | Авторлық құқық™
Бөлісу тақырыбы: Азияинфо - Asia info » Ақшаны қалай жинау керек? Қарапайым кеңестер
Тұрақты сілтеме: /A_ekonomika/2017-05-29/726.html