Жазда қандай бизнес ашуға болады

Әрине,  жаз  жылдың ең үздік мезгілдердің бірі: тамаша ауа-райы, жеміс-жидектер, қызықты саяхат, демалыс. Біздің сұрағымыз: жазда қандай бизнес жасауға болады?

Өкінішке орай, әркім жазда демалысқа шықпайды. Жұмыс істейтін адамдар жазда  бірнеше аптаға демалыс алады.  Ал  жұмыс істемейтіндер , керісінше,  жазда жұмыс іздеп, жұмысқа шығады. Егер көп ақшаны армандап жүрсеңіз, тап осы мезгілде бизнесті ашу керек. Осы кезде, ең алдымен дұрыс мақсат қойып, ақшаны есептеп шығару керек.  Осындай бизнестің басты қиындығы, ол жақсы кадрлар болуы, өйткені бұл жұмыс маусымдық және әркім келісе бермейді. Бірақ бәрі өзгереді. Уақыты жеткенде тұрақты қызметкерлерді табасыз. Бұл жұмыс  жаз маусымда демалатын адамдарға арналған.  Әсіресе студенттерге , 14 жасқа келген оқушыларға,  декретте отырған әйелдерге және зейнеткерлерге.

1920x1280_nastroenie-leto-yunost-igra-voda-deti-768x512.jpg

Алдымен осы жазда қандай іспен айналысатының таңдау керек. Осыған орай бірнеше ұсыныс бар.

БАЛМҰЗДАҚ САТУ

 Бірінші орында балмұздақ сату болып табылады. Осы тәттіні бәрі жақсы көреді, балалар да, ересектер де. Балмұздақтың ең көп сатылатын кезі, әрине жаз, өйткені жазда қатты ыстық болады.  Бұл істі жаңадан ашқандарда арнайы мұздатқыш болу керек. Алдымен ЖК ашу керек және балмұздақ сататын орынды табу керек. Сосын жергілікті биліктен орынды жалдауға  қажет.  Содан кейін сауда қызметкерлерін іздеу керек.  Жұмысқа алудын міндетті шарты медициналық сараптаманың болуы.  Жаңа мұздатқышты сатып алу өте қымбат, сондықтан мұздатқышты қолдан сатып алуға болады. Сондай-ақ сізге күннен және жаңбырдан құтқаратын шатыр немесе қолшатыр сатып алу қажет. Сату үшін жерді тапсаңыз, сізге жеткізушілерді іздеу керек.  Компаниямен келісім-шартқа отырып бірінші тапсырысты беріңіз.

cinnabon2.jpg

Сіздін сату орныныз жақсы табыс әкелсін десеңіз, адамдар көп өтетін жерді табу керек.  Табысты жерге аялдамалар, саябақтар, балалар ойнайтын жерлер жатады. Үлкен жарнама іліңіз. Балмұздақ сату – ең тиімді  бизнестердін бірі болып саналады. Бірақ барлығы сіздің сату орныныз  қай жерде орналасқанына байланысты.

ВЕЛОСИПЕДТЕРДІ ЖАЛҒА БЕРУ

Табысқа қарағанда екінші орында велосипедтерді жалға беру бизнесі. Табысты жақсы алу үшін сіздің жалға беру жеріңіз саябақтардың қасында болу керек. Жастар және жұбайлар велосипед тебуді жақсы көреді.  Және де велосипед тебу тамаша демалыстың бірі немесе спорттың да бір түрі болып саналады.

Алдымен ЖК бизнесін ашу керек. Сосын жергілікті биліктен орынды жалдауға  керек.  Содан кейін велосипедтің бірнеше түрін сатып алу қажет. Сіздің велосаябағынызда оннан астам велосипед болу керек. Сосын велосипед сақтайтын жерді ойластыру керек. Кішкентай гараж да болуы мүмкін.  Әрине, тағыда сізге күні бойы істейтін жұмысшылар қажет.

cee2d7f0dcc930bca4f8307d369b65a5-768x511.jpg

Осы іспен айналысаныз тиімділігі бір немесе бір жарым айдан кейін болады.  Маусымның соңында сіздің табысыныз 150% өседі.

БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН АВТОКӨЛІКТЕРДІ ЖАЛҒА БЕРУ

Балаларға арналған автокөліктерді жалға берумен айналысуға болады.  Балаларда ақша табу әрқашан оңай болды, өйткені балалар ата-анасын қайтседе көндіреді. Осындай жалға берудің он минуты 500 тенгеден асады.  Егер ойын-сауық орталығында орынды жалдауға алсаңыз, осы бизнеспен жыл бойы айналысуға болады. Бірақ жаз бойы жалға беру жерлері көшеде, саябақтардың және дүкендердін қасында орналысады.

415FH4A07uL.jpg

Алдымен ЖК бизнесін ашу керек. Сосын жергілікті биліктен орынды  жалдауға  керек. Содан кейін бірнеше балаларға арналған автокөлік, мотоцикл сатып алу қажет. Осының бәрі бизнесті ашуға жеткілікті. Сонымен қатар жұмысшыны іздеу керек немесе өзіңізге отыруға болады.

Осы іспен айналысаныз, тиімділігі екі айдан кейін болады. Және осы істі жыл бойы жалғастыруға болады. Пайдасын жыл бойы әкеледі.

Жаз мезгілінде бизнесті ашу оңай. Бірақ сол үшін ақшаны есептеп шығару керек. Ең бастысы бәрін дұрыс ойластыру керек. Сіздің ойынша жазда қандай бизнес ашуға болады?

Picture-2.png


Дерккөз: Табыскер www.tabysker.kz

®Азияинфо - Asia info™ | Сілтеме | Дереккөз | Авторлық құқық™
Бөлісу тақырыбы: Азияинфо - Asia info » Жазда қандай бизнес ашуға болады
Тұрақты сілтеме: /A_ekonomika/2017-06-07/743.html