Бастауыш кәсіпкерге 5 кеңес

Бастауыш кәсіпкерге 5 кеңес

Кәсіпкерлікті бастамас бұрын қалау мен қолдағы мүмкіндікті саралап алған жөн

thinkstockphotos-476506382.jpg

Қазіргі таңда кәсіпкер болу, өзін-өзі жұмыспен қамту, еркін режимде жұмыс істеу трендте. Елбасының Қазақстан халқына жасаған «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері»  Жолдауында Мемлекет бизнеспен бірлесіп, отандық өнімді халықаралық нарыққа шығарудың стратегиялық жолын тауып, ілгерілетуге тиіс делінген. Демек, шығын және орта бизнесті дамыту басымдыққа ие меже. 

Экономиканың осы секторы тұрақты әрі бәсекеге қабілетті болуы үшін жұмысын тоқтатқан немес банкротқа ұшырағандардың қатары аз болуы керек. Мұндай қатер қалай орын алады? Әдетте кәсібін енді ашқан кәсіпкерлерде. 

Сондықтан кәсіпкер болу кез келген адамның қолынан келіп жатыр ма? Мәселен, 2016 жылдағы оатндық кәсіпкердің бейнесіне назар салсақ, Бүгінгі Қазақстандағы ШОБ – бұл ЖІӨ 26,8%, экспорттың 18%, жұмыспен қамтылғандардың 37% және шаруашылық субъектілердің 99%. Шағын кәсіпкерліктің басым бөлігі ауыл шаруашылығы мен қызмет көрсету саласында, орта және ірі кәсіпорындар көбінесе өнеркәсіп секторында қызмет етеді. Елдегі кәсіпкерліктің 80,8% – заңды тұлғаларды құрмаған субъектілер (ЖК және шаруа немес фермерлік қожалықтар. Ал отандық кәсіпкерлердің 25,4%-ы – «қажеттілік бойынша» кәсіпкерлікті таңдаған, яғни өзге табыс көздері болмағандықтан, бизнеспен айналысуға мәжбүр болғандар. Ал шынайы кәсіпкерлікпен айналысу мәжбүрлік емес, жаныңызға жақын кәсіп болу керек қой. Осындай түрлі факторларды ескере отырып, кәсіп бастағысы келетіндер үшін қате жасаудан алдын алатын 5 кеңесті ұсынамыз:

1.Жаныңыз сүймейтін немесе саладан хабарыңыз жоқ кәсіптен табыс келеді деп айту қиын. Өйткені, нарық заңдылығында кез келген кәсіпкерліктің түрлі тәуекелдері бар. Біріншіден, нарықты саралау қажет, осы өңірге тән қандай кәсіп көзі табыс әкеледі, зерттеу керек. 

2.Кәсіпкерлікте белгілі бір тәжірибе болмаса, жоғары пайызы бар несие алып, кәсіп бастау қатерлі қадам. Бизнес алғашқы жылы пайда әкелмеуі мүмкін, ал қарызға алынған ақша сізді тіптен тақырға отырғызуы мүмкін. Бизнесте қаржы жағы ең соңғы кезең, барлығы сараланып, бизнес-жоспар құрылғаннан кейін қаржы құйылады. Ең дұрысы капиталыңыз болуы шарт. 

3. Болашақ бизнесіңіздің барлық құрауышы жүзеге аспай тұрып, жоспар құрып алмайынша жеке кәсіпкерлікті тіркеуге асықпаңыз. Бухгалтерлік есеп жүргізуді үйрену .

4. Жұмыс істегелі жатқан нарығыңыздағы бәсекелестеріңіздің жұмысын саралаңыз. Сіздің халыққа ұсына алатын артықшылығыңыз болу керек. Олай болмаған жағдайда табысты болу екі талай. 

5. Маректинг пен жарнама бойынша білім керек. Тауар, жұмыс, қызмет түрін өткізуде орта немес ірі бизнес арнайы агенттіктерге жүгінеді, тапсырыс жасайды. Ал шағын бизнеске мұндай қызмет түрін жалдау тиімсіз. Жарнамасы жоқ, танымал емес кәсіпорынды тану, клиенттер базасын жинау маңызды. 

Дегенмен, мықты дейтин бизнесмендердің өзі талай рет шығынға ұшыраған.  «Жеті рет құласам да сегіз рет аяққа тұрам» деген жампондық мәтел осындай қайратты кәсіпкерлерге арналған. Сондықтан ешбір дағдарысқа қарамай, кәсіп бастап, бәсекеге қабілетті кәсіпкерлер қатарынан табылыңыз. 


®Азияинфо - Asia info™ | Сілтеме | Дереккөз | Авторлық құқық™
Бөлісу тақырыбы: Азияинфо - Asia info » Бастауыш кәсіпкерге 5 кеңес
Тұрақты сілтеме: /A_ekonomika/2018-01-18/1015.html