«Үйленейін десем, жақсы қыз жоқ» дейтін жігіттер оқысын!

Бірде бір данышпанға орта жастағы жігіт келеді де:

– Мен сізден көмек сұрап келдім. Менің үйім де, көлігім де, жұмысым да бар. Тек жанымды түсіне білетін қамқор, мейірімді, жақсы мінезді жар таба алмай жүрмін. Достарымның барлығы үйлі-баранды, бақытты өмір сүріп жатыр. Осы маған жақсы қыз жолықпай-ақ қойды. Өзгелер қалай үйленді екен? – деп шағымданады.

– Бұл сұрағыңа қазір жауап бере алмаймын. Ертең кел.

Келесі күні жігіт тағы келеді.

Данышпан:

– Мен қазір шай қояйын. Содан соң әңгімелесеміз, – дейді де сөзін жалғап: – Осы уақытқа дейін жарым болуға лайық деп санаған қыз жолығып па еді?

Жігіт басынан өткен бір оқиғаны айтып береді. Соңында қыздардан көңілі қалғанын, олардың барлығы бірдей екенін айтады.

Данышпан жігітті ертең кел деп тағы қайтарады. Бұл жағдай алты рет қайталанады.

Жетіншісінде жігіт тағы бір әңгімені айтып отырғанда данышпан оның сөзін бөліп:

– Айтпақшы, саған қандай щай ұнады? – деп сұрайды.

Жігіт таңданып:

– Оған мән бермеппін. Неге сұрадыңыз? Әр келген сайын көк шай іштім, қателеспесем, – дейді.

Сонда данышпан:

– Жоқ, сен әр келген сайын әртүрлі шай іштің – бірі күш-қуат береді, біреуі тыныштандырса, енді бірі жеңілдік сезімін сыйлайды. Тек оларды асықпай ішіп, дәмі мен иісін сезіне білсең болғаны, – деп жауап береді.

Бұл әңгімеден шығатын қорытынды: мінсіз адам болмайды. Кез-келген адамның жақсы тұстары да, кемшіл тұстары да болады. Ер адам әйелінің мінезін толықтай біліп, кемшіліктеріне кешіріммен қарап, жай-күйін түсінуге тырысса ғана жақсы отбасы бола алады.


Дерккөз: http://www.jastar.kz

®Азияинфо - Asia info™ | Сілтеме | Дереккөз | Авторлық құқық™
Бөлісу тақырыбы: Азияинфо - Asia info » «Үйленейін десем, жақсы қыз жоқ» дейтін жігіттер оқысын!
Тұрақты сілтеме: /A_kop/Otbasy/2017-09-20/938.html