Саған күйеудің керегі не, егер ол ...
Саған күйеудің керегі не, егер ол:
- сені қорғамаса
- еркелетпесе
- бастамаңды қолдамаса
- саған сенбесе
- ренжітсе, өзі ренжи берсе
- бірінші қадамды өзі жасамаса
- саған келгенде ылғи үнемдесе
- сені әлемдегі ең ғажап әйел санамаса
Саған күйеудің керегі не, егер сен:
- оны мақтан тұтпасаң
- мақтамасаң
- қолдамасаң
- шабыт сыйламасаң
- кешірмесең
- оның қасында сұлу, көркем, ақылды болмасаң
- оның жанында бақытты болмасаң
Бірге болудың не мәнісі бар, егер:
- бір-біріңнің сыртыңнан күңкілдейтін болсаңдар
- шағымданатын болсаңдар
- өзгелермен уақыт өткізуге арланбасаңдар
- бір-біріңе тартылмасаңдар
- жан жадыратар тосынсый жасауды ұмытсаңдар
Бала үшін?
Балаға құрбандықтың түк қажеті жоқ.
Балаға бақытты ата-ана керек.
Баланы сылтауратуға болмайды.
@mira_ bergen
Аударған Шынар Әбілдә
asiainfo.kz
Бөлісу тақырыбы: Азияинфо - Asia info » Саған күйеудің керегі не, егер ол ...
Тұрақты сілтеме: /A_kop/Otbasy/2019-05-15/1136.html