Сүлеймен сұлтанның өлер алдындағы үш өсиеті

Өлер алдында Сүлеймен сұлтан әскерін басқаратын бас сардарды шақырып өзінің үш өсиетін айтыпты:

1. Біріншісі, табытымды Осман Империясының аса білгір, өте мықты дәрігерлері көтерсін депті. 

2. Екіншіден, табытымды көтеріп жүрер жол бойы алтын теңге шашып, асыл тастар лақтырылып отырсын депті. 

3. Үшіншіден, табыттан екі қолымды шошайтып шығарып қойыңдар, ел көрсін депті.


Естігеніне еш сене алмай отырған сардар өсиеттің мағынасын сұрапты.

Сонда Сүлеймен сұлтан былай деп түсіндіріпті:

- Ең мықты дәрігерлер табытымды көтерсін дегенім, ажал алдында мықты дәрігерде қауқарсыз екенін ел көрсін дегенім. Мен өмір бойы жиып-терген алтын теңге мен асыл тастарымды шашыңдар деуім, осы өмірде тапқанымыз фәни дүниеде қалады дегенім. Жиналған жамағат менің қолдарымды көрсе, тіпті бүкіл әлемнің падишасы бола тұра Сүлеймен сұлтанда о дүниеге құр қол кеткеніне көз жеткізіп, өздеріне сабақ алар дегенім еді...


Аударған Шынар Әбілдә

Қабылан ақпараттық порталы


®Азияинфо - Asia info™ | Сілтеме | Дереккөз | Авторлық құқық™
Бөлісу тақырыбы: Азияинфо - Asia info » Сүлеймен сұлтанның өлер алдындағы үш өсиеті
Тұрақты сілтеме: /A_kop/dastur/2017-08-14/875.html