Жүрегіңдегі от жолыңа жарық түсіреді

Жүрегіңдегі от жолыңа жарық түсіреді

Көп адамның қателігі дайын жолды көріп барып жолға шығуды ниет қылатындығында. Бірақ ғалам басқа жүйені ұстанады. Жол тек сен қадам жасасаң ғана басталмақ. Сен ол жолды толық көрмесең де, айналаң тас-түнек пен белгісіздік болса да, алға жүр... Сенің жүрегіңде от бар. Сен қайда барсаң да сол оттың жарығы жолыңа түсіп тұрады. Бәрі өздігінен кірпіштей қалана бастағанын байқамайда қаласың. Дүниенің бәрін бір ғана тілекпен, ниетпен, батылдығың мен жүректегі отыңмен өзгерте аласың. Сонда бүкіл ғалам сенің алға жүруіңе тілекші болады. Мүмкіндіктің есіктері айқара ашылады. Сен дайын картаның болғанын қалайсың. Бірақ бұл әлемде дайын карта жоқ. Болмайды да. Өмірді дайын сценарийге сыйғыза алмайсың. Шектеумен байлай алмайсың. Жағдайлар, орындар, белгілер, адамдар - мұның барлығы әп-сәтте өзгеріп отыруы ықтимал, жоспар мен кестелер ешқашан адам өмірін қуып жете алмайды. Бұл әлемнің және сенің өміріңнің бір ғана тиянақты картасы бар. Ол сенің жүрегіңде. 

Аударған Шынар Әбілдә


®Азияинфо - Asia info™ | Сілтеме | Дереккөз | Авторлық құқық™
Бөлісу тақырыбы: Азияинфо - Asia info » Жүрегіңдегі от жолыңа жарық түсіреді
Тұрақты сілтеме: /A_kop/psxologiya/2017-06-26/791.html