Джефф Фостер : Ғажайыптар басталады

Ғажайыптар басталады

Егер осы сәтте ешкімді сүйе алмайтын күйді бастан өткерсең, тым болмаса сезімін білдірген адамды жай ғана тыңдап көрерсің?! Сен оны сүюге міндетті емессің. Бәрібір шынайы сезімсіз ол мүмкін емес. Тек тыныста. Өзіңнің болмысыңмен байланысыңды қайта тірілт. Тәніңнің қалауын сезін. Тыныс алудың ерекшелігін түсін. Аяғыңмен нық тұрған жердің қасиетін біл. Өзге жандардың сөзін тыңда, келіспесең де ақырына дейін тыңда. Өзіңнің сол кездегі бой көтерген сезіміңді таны. Тереңдігіне бойлай алсаң, сен олардың да пікірін, тәжірибесін, саяхатын, қайғысы мен күресін түсіне бастайсың. Олардың айтқаны саған ұнамаса да, көңіліңнен шықпаса да, әлде керісінше. Сен қорқыныш пен терең аяушылық сезінесің. Дәл солар сияқты көңілің қалып, торығуға душар болып, долылыққа бой алдыруың мүмкін. 

Ол адаммен өмірбаяның екі түрлі, өмірге деген көзқарас та бөлек болуы табиғи жайт. Дегенмен, тыңдай алсаң, олардың неліктен сүйікті болуға ұмтылатынын түсінерсің. Өзгелермен қарым-қатынасты неге қауіпсіз белдеу деп түсінетінін сезінерсің. Сен олардың сөздері мен әрекетін қабылдауың шарт емес. Екінші қайтара көрмеуің де ықтимал. Бірақ дәл қазіргі кездесу – осы шақта қала аласың ба? Оларды тыңдамастан, сүйместен, тек жанында отыра аласың ба? Олардың етігін аз уақытқа киіп көресің. Өзіңдікі қауіпсіз екенін білсеңде. 

Көп адам үшін біреу сөзін тыңдар болса, сол да жеткілікті. Сүйікті болумен тең. Сенің өзгенің тәжірибесіне көңіл бөлгенің көп нәрсені білдіреді. Адам өзін сүйікті сезіне бастаған кезде, тыңдайтын құлақ тапқанда, айтқанын түсінетін жанды жолықтырғанда, өзін оған қымбат сезінгенде – ғажайыптар басталады! Таңертеңнен гүлдер жыпырлай ашылып, күнді өпкендей кішкентай ғажаптар орындала бастайды. Мүмкін сен бұрын көрмеген, сезінбеген ғажап шығар? 

Джефф Фостер

Аударған Шынар Әбілдә


®Азияинфо - Asia info™ | Сілтеме | Дереккөз | Авторлық құқық™
Бөлісу тақырыбы: Азияинфо - Asia info » Джефф Фостер : Ғажайыптар басталады
Тұрақты сілтеме: /A_kop/zhuzadam/2017-06-09/753.html