Уильям Шекспир айтқан қанатты сөздер

1. Үндемеу – бейтараптықтың белгісі емес. Іші бос қалбыр ғана даңғырлайды. 

2. Балдың тым тәтті болғаны сонша, түбі қышқыл бола бастайды. Көп жесең, дәм сезуден қаласың. 

3. Көңіліңе ыстық болса, болмашыға ренжисің. 

4. Жер-ана дана, баласы санасыз. 

5. Аз сөз алтын, салмағы сезіледі. 

6. Махаббат соңынан жүгіргендерден безеді, өзінен қашқандардың мойнына асылады. 

7. Ақымақтық пен даналық жұқпалы дерт сияқты тез сіңеді. Сондықтан жолдасты көзіңді ашып таңда. 

8. Тозақ бос қапты. Шайтанның бәрі жер бетінде жүр. 

9. Көп адам даналықтан гөрі ақымақтықты таңдайды. Себебі, ақымақтық күлдіреді, даналық жылатады. 

10. Ер азамат көңілі қызға ауғанда сәуір секілді. Үйленген соң мінезі желтоқсанға айналады. 

11. Рахат өмірге деген үміттің өзі ләззат алудан бір кем емес. 

12. Дұшпаныңа жаққан отқа майды көп құя берме. Сол пеште өзің өртеніп кету қауіпін ешқашан естен шығарма. 

13. Сөздің өткірлігі айтушының тілінен гөрі тыңдаушының құйма құлағына тікелей байланысты. 

14. Есім не береді? Раушангүлден раушангүлдің жұпары аңқиды, оны басқа атаумен атасаң да. 

15. Әр қитұрқылықтың өз түйсігі бар. 

16. Сұлулық көз сүріндіреді, ғашық етеді, бірақ тек жанын ғана сүйе аласың. 

17. Қарға қанатын былғаса да ешкім байқамайды, ал аққуға дақ түссе, ешқашан кетіре алмас. 

18. Бір көзқараспен махаббатты өлтіріп алуға болады. Сондай-ақ, бір көзқараспен оны қайтып тірілте аласың. 

19. Қорқақ күнде өледі, батыр бір-ақ рет өледі. 

20. Аяқтың астында тапталған жәндіктің азабы ірі мақұлықтың өлімінен бір кем емес. 

21. Жетістікке жетудің үш ережесі: өзгелерден артық білу, өзгелерден көп еңбектену, өзгелер күткеннен азға үміт ету.

22. Дүниеде жақсылық та, жамандық та жоқ. Тек әр адамның белгілі бір жағдайға деген әсерленуі бар. 

23. Ең жақсысы – бетке айтылған ақиқат. 

24. Боранды күні берілген уәде тынық күні ұмытылады. 

25. Өзгенің күнәсін паш етуге асықпаңыз, өз күнәңізді санасаңыз, өзгенікіне жетпей қаласыз. 


Аударған Шынар Әбілдә

Қабылан ақпараттық порталы


®Азияинфо - Asia info™ | Сілтеме | Дереккөз | Авторлық құқық™
Бөлісу тақырыбы: Азияинфо - Asia info » Уильям Шекспир айтқан қанатты сөздер
Тұрақты сілтеме: /A_kop/zhuzadam/2017-09-18/934.html