Жеке өмірді өзгертетін 2 Қағида

Жеке өмірді өзгертетін 2 Қағида

1. Қарым-қатынас өте жағымды болуы тиіс. 

Бір көзқарастан-ақ бәрі жеп-жеңіл, оп-оңай болуы керек. Алғашқы таныстықтан. Екеу өздерін бұрыннан таныс-біліс адамдардай сезінеді. Жылдар бойы жүгірткен қыздан не жігіттен гөрі сізге рухани жақын болғаны. Он бес минут таныстықтан соң бірге киноға барған адам сізге жеті жыл бойы хат жазудан аспаған жаннан артық. Сіздің қалжыңға дөп жауап қайтарған бойжеткен мені шетелге апармадың дейтін қол жетпес хас сұлудан артық. Қарым-қатынас қарапайым болғаны – бәрі дұрыс басталғаны. Күрделі болса – бәрі тұйыққа тірелмек. 

Бұл аксиома. Оны дәлелдеудің қажеті жоқ. Өзгенің алдында ақталудың еш қажеті жоқ. 

Ешкімнің артынан жүгіріп керек емес. Ешкімнің қас-қабағына қарап, өзіңізді төмендетудің қажеті шамалы. Бір рет солай істесеңіз, өмір-бақи солай өтесіз. Ал, ол тек басына береді. Егер бірден тіл табыса алмасаңыз, көзіңде от жанбаса, жүректе алау тұтанбаса – онда бәрі бекер. Бұл сіздің адам емес. Күрделі қарым-қатынас уақыты көп, өмір сүруден іші пысқан адамдарға ғана қызық. Өзгелердің жүйкесін тоздырады. 

Күрделі қарыс-қатынасқа бола өзіңді жерлеудің керегі жоқ. Өзгенің дегенінен аса алмайтын болсаңыз, өзіңізге деген сенім шайлығып, меніңіз өліп кетеді. Ерте ме, кеш пе төзімнің де шегі барын түсінесіз. Күрделі қарыс-қатынастан аулақ жүріңіз. 

2. Қарыс-қатынас қуаныш сыйлауы керек. 

Бұл тұжырым да дәлелдеуді қажет етпейді. Бірге болудың қуанышы таусылса, оны көргенде жүрек айныса, өзіңді зорламай, қоя ғой. Осы жерден тоқта. Ұрыс-керіс, көз жасы, ыдыс-аяқ сылдырлату түбі жақсылыққа әкелмейді. Керілдесу, айыптау, жандалдасу – уақыт ұрлау ғана. Бұл жалпы алғанда дұрыс емес. Тозаққа бастайтын жол. Қарым-қатынастан қуанышты бөліп қарамаңыз. Қуаныш сыйламаған махаббат – қайырсыз болып қалмақ. 

Көптеген адам жылдар бойы жанжалдасып өмір сүреді. Өкпе-реніш, кек. Олар санасын қажетсіз ұрыспен толтырып алған. Бұлай етуге болмайды. Сіздің сөздеріңіз қуаныш сыйламайтынын түсінген сәттен бастап аузыңызды жабыңыз. Ұрыс басталса, сыртқа шығып кетіңіз. Егер ол адам сізді айыптауын доғара алмаса, өзіңізді үнемі кінәлі сезіне бермеңіз. Шама келсе, адамдыдқпен кетісу керек. Жұбайлық өмір тек сыйластықтан тұрады. Қалғанының бәрі, мысалы, «бала үшін», «жұрттың бәрі осылай өмір сүреді», «әдет боп кеткен», «ол кетсе, мен қайтем» дегеннің бәрін қоқысқа тастау керек. Айырылысқың келмесе, өзіңді де, оны да қайтадан сыйлап үйрен.


Анна Ланская

Аударған Шынар Әбілдә

Қабылан ақпараттық порталы

®Азияинфо - Asia info™ | Сілтеме | Дереккөз | Авторлық құқық™
Бөлісу тақырыбы: Азияинфо - Asia info » Жеке өмірді өзгертетін 2 Қағида
Тұрақты сілтеме: /A_kop/zhuzadam/2017-12-28/990.html