АҚШ-та әлдекім жұртқа оқ жаудырып, бір әйел қаза тапты

АҚШ-тың Сан-Диего қаласында әлдекім сауық кешінде жұртқа оқ жаудырып, бір әйел қаза тапты. Тағы 8 адам жараланған. Олардың кейбіреуінің халі мүшкіл. Куәгерлердің айтуынша, оқиға туған күн кешінде болған. Жедел жеткен полицейлер қаскөйдің берілуін талап еткенмен, ол бас тартқан. Тәртіп сақшылары нәтиже болмаған соң қару қолданып, оқ атқан. Ақпарат құралдарының хабарлауынша, қылмыскер осы маңда тұратын 49 жастағы Петер Селис есімді азамат болуы мүмкін. Бірақ бұған дейін өрескел мінезімен көзге түспеген тұрғынның мұндай әрекетке не үшін барғаны әлі белгісіз.


Бистандер Лорен, куәгер: 

- Әлдекім бассейннің жанында бес-алты рет оқ атты. Мен 911-ге бірден қоңырау шалдым. Содан кейін есік терезені жауып жасырындық. Бірер минуттан кейін тағы бірнеше атылған оқтың дауысын естідік. Осыдан соң полиция келіп атыс басталды. Айнала адамдардың айғайлаған, жылаған дауыстары естіліп, азан-қазан шу болып кетті.



®Азияинфо - Asia info™ | Сілтеме | Дереккөз | Авторлық құқық™
Бөлісу тақырыбы: Азияинфо - Asia info » АҚШ-та әлдекім жұртқа оқ жаудырып, бір әйел қаза тапты
Тұрақты сілтеме: /A_news/2017-04-25/553.html