Ұлыбританияда дрондармен жарыс өтті

Ұлыбританияның Брайтон қаласында дрондармен жарыс өтті. Сайысқа 15 команда қатысты. 

Жарыстың шарты бойынша сайыскерлер бұрылысы көп бөгеттері бар жолдармен жүріп, бірінші болып келуі тиіс. Оған 8 минут уақыт берілген. Шараға қатысушылар құрылғыларын басқару үшін арнайы көзілдірік киіп, камера арқылы бақылап отырады. Ұшу жылдамдығы сағатына 95 шақырымды құрайды. Сондықтан оған тыңғылықты дайындық қажет. 

Гэри Кент, жарысқа қатысушы: - Бұл командалық жарыс. Сондықтан жеңіске жету өзіңе ғана емес, әріптестеріңе де байланысты. Ол үшін ұшқыштардың ауысуын есептеп, әр сайыста шама келгенше көп айналым жасауға тырысу керек. Әрине құрылғыны жоғалтып алмауың тиіс.


Дерккөз: Www.24.Kz



®Азияинфо - Asia info™ | Сілтеме | Дереккөз | Авторлық құқық™
Бөлісу тақырыбы: Азияинфо - Asia info » Ұлыбританияда дрондармен жарыс өтті
Тұрақты сілтеме: /A_news/2017-05-11/660.html