Жер-жаһандағы компьютерге қырғидай тиген хакерлердің кім екені аталды

АҚШ-тағы IT-мамандар бүкіл әлемде 100 мыңдаған электронды есептеуіш машинаға кибершабуыл ұйымдастыруы мүмкін хакерлерді анықтады. Олар Солтүстік Корея үкіметімен байланысты «Лазарус» тобы болуы мүмкін. Өйткені дәл осы топ бұған дейін де компьютер үшін зиянды, «Уонна Край» бағдарламасын пайдаланған. Бұл туралы «Симантек» антивирус құрастырушылары хабарлады. Еске сала кетейік, өткен жексенбіде әлемнің 150 мемлекетінің компьютеріне «Уонна Край» бағдарламасы арқылы шабуыл жасалған болатын. Соның салдарынан бірінші кезекте мемлекеттік желілер мен ірі компаниялардың жүйесінде ақау пайда болды. Техникалық вирус құнды мәліметтерді тұсаулап тастаған. Оларды қайта ашу үшін хакерлер құжат иелерінен қомақты қаржы талап етті. Мамандар «шабуылды кімнің  ұйымдастырғанын дөп басып айтуға әлі ерте» деп отыр. Дегенмен, басты күдікті ретінде Солтүстік Корея хакерлері аталды.

Дерккөз: Www.24.Kz


®Азияинфо - Asia info™ | Сілтеме | Дереккөз | Авторлық құқық™
Бөлісу тақырыбы: Азияинфо - Asia info » Жер-жаһандағы компьютерге қырғидай тиген хакерлердің кім екені аталды
Тұрақты сілтеме: /A_news/2017-05-17/694.html