29 жастағы Тегеран тұрғыны Риза Перестес Лионель Мессиден аумайды. Өзі де аргентиналық футболшыға еліктейді екен. Бірақ ешқандай пластикалық операция жасатпаған.
Ұлттық әл-ауқат қоры саналатын Самұрық Қазына былтыр толағай табысқа кеңелді. Таза активтердің құны 6,8 трлн теңгеден асты. Қордың таза пайдасы 2015 жылмен салыстырғанда 292 млрд теңгеге артты.
Алайда әскерилер толық әзір болу үшін тағы бірнеше ай қажет екенін айтады. Ал THAAD деп аталатын әуе шабуылына қарсы қорғаныс кешені Оңтүстік Кореяға наурыз айында...
22 жастағы Ерлан Талапкеров Астанадағы жоғары оқу орындарының бірінде сырттай оқиды. Ол туған ауылында спорттың дамуына үлес қосып, ауыл тұрғындарын саламатты өмір салтын сақтауға шақырып отыр.
Қазақстандық балғындардың ғаламторды қолдануына тыйым салынуы мүмкін. Бүгін Парламенттің бір топ депутаты осындай бастама көтеріп, жаңа заң жобасын әзірлеуге кірісті.
Құқық қорғау органдары қызметкерлері кәсіби деңгейін арттыру мақсатында арнайы курстан өтеді. Қатысушылар ұжымды басқарудың тиімді жолдарын үйреніп, қызметкерлермен етене араласудың қыр-сырымен танысады.
Айтулы мереке 1923 жылдан бері ел ішінде кеңінен тойланады. Биыл Түркияның кәсіподақ өкілдері мен қарапайым жұмысшылары Ыстамбұлдың Бақыркөй ауданына жиылып, бейбіт шеру өткізді.
Зейнеткердің тосын қабілетке қалай ие болғаны туралы оқиғаның өзі де қызық. Ғалымдар қазір оның мүмкіндігін пайдаланып, адамдарды аурудан айықтыратын арнайы құрылғы жасауды ойластырып жатыр.
Астанада WBC (Бүкіләлемдік бокс кеңесі) конвенциясының жалауын ЭКСПО-2017 көрмесін ұйымдастырушының штаб-пәтерінде сақтау үшін тапсыру рәсімі өтті. Осылайша, WBC конвенциясының мерейтойлық 55-ші конвенциясы көрме кезінде Астанада өтетін болады деп хабарла