Оңтүстік Корея БҰҰ ҚК-не мүше елдердің елшілерімен кездесті

Оңтүстік Корея президентінің міндетін атқарушы әрі премьер-министр Хван Гё Ан Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік кеңесіне мүше мемлекеттердің елшілерімен кездесті. 

Арасында Қазақстанның Корея Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі Дулат Бақышев те бар. Хван Гё Ан барлығына Солтүстік Корея тарапынан төнген әскери қауіп-қатерге төтеп беру шараларына қолдау көрсеткені үшін алғыс айтты. Сондай-ақ 28 сәуірде өткен кездесу жайлы да өз ойын жеткізді. Ол кезде Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік кеңесіне мүше елдердің сыртқы істер министрлері Пхеньянның ядролық қарусыздану мәселесіне қатысты бас қосқан болатын. Президент міндетін атқарушының айтуынша, жиын халықаралық қауымдастықтың бұл түйткілді түбегейлі шешуге дайын екендігін көрсетіп отыр. Негізі былтыр Солтүстік Корея екі ядролық сынақ өткізіп, 24 баллистикалық зымыран ұшырған болатын. Ал биыл 9 зымыранын сынақтан өткізіп үлгерген. 

Хван Гё Ан, Оңтүстік Корея Президентінің міндетін атқарушы: - Мен БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне мүше елдерді Солтүстік Кореяның араңдатушылық әрекеттерін назардан тыс қалдырмауға шақырамын. Өйткені бұл мәселе тек Корей түбегі және Солтүстік-Шығыс Азиямен шектеліп қалмайды. Ол бүкіл жер жаһандағы қауіпсіздік мәселесіне қатысты.

Дерккөз: Www.24.Kz


®Азияинфо - Asia info™ | Сілтеме | Дереккөз | Авторлық құқық™
Бөлісу тақырыбы: Азияинфо - Asia info » Оңтүстік Корея БҰҰ ҚК-не мүше елдердің елшілерімен кездесті
Тұрақты сілтеме: /A_news/2017-05-08/646.html