Оңтүстік Кореядағы президенттік сайлауда Мун Чжэ Ин жеңіске жетті

Оңтүстік Корея жерінде өткен президенттік сайлауда  «Тобуро» демократиялық партиясының мүшесі Мун Чжэ Ин жеңіске жетті. 

Бұл туралы «Ренхап» агенттігі хабарлайды.  Мун Чжэ Инді қолдап, 13,4 млн сайлаушы дауыс берген. Ұлттық сайлау комиссиясының мәліметінше, ол барлық берілген дауыстың 41,1%-ын иеленді. 

Мун Чжэ Ин саяси сайыста екінші орын алған Хон Чжун Пхёден жинаған дауыс бойынша едәуір озып, рекорд жасады. Себебі Хон Чжун Пхё сайлауда 5,57 млн дауысқа ие болған. 


Дайындаған: Г.Абилова

Www.24.Kz


®Азияинфо - Asia info™ | Сілтеме | Дереккөз | Авторлық құқық™
Бөлісу тақырыбы: Азияинфо - Asia info » Оңтүстік Кореядағы президенттік сайлауда Мун Чжэ Ин жеңіске жетті
Тұрақты сілтеме: /A_news/2017-05-10/657.html