Атақты адамдардың өмірде болған оқиғалары

Күнделікті өмірде неше түрлі қызықты оқиға орын алып жатады. Қарапайым ғана жайт болып көрінгенімен, бұл танымал тұлғаларға да тән. Бірақ сол деректі, қызғылықты әрі танымдық сипатта көрінетін оқиғаға біз жіті назар аударып көрдік пе?

Бұл туралы Айқын газеті жазады.

  • Наполеон Италияны басып алғанда атақты императордың жасы 26-да екен.

  • 1938 жылы «Тайм» журналы Гитлерді «Жыл адамы» деп таныған.

  • 1950 жылдары РСФСР-дің Мәдениет министрі болған Алексей Попов өте боқтампаз адам болған деседі.

  • Италияның мемлекеттік туын Наполеон ойлап тапқан.

  • Комунизмнің негізін салушы Карл Маркс ешқашан Ресейде болмаған.Бірақ осы жүйе алғаш рет Ресейде орнады.

  • АҚШ-тың Жоғарғы сотының төрағасы Джон Джей құлдарды босату үшін алдымен оларды сатып алған.

  • АҚШ президенті Эндрб Джексон жер дөңгелек емес, жіңішке, доғал деп ойлаған.

  • Ағылшын королі VIII Генрихтің сегіз әйелінің екеуін өзі өлтіруге бұйрық берген.

  • Француз королі XIV Людовиктің 413 жатын кереуеті, елдің тағы бір королі XIV Луидің 400 кереуеті болған деседі.

  • Наполеон мысықтан қатты қорыққан.

  • Нобель сыйлығының иегері Нильс Бор мен оның ағасы белгілі математик Харальд Бор футболшы болған. Тіпті Харальд Бор Данияның құрама командасында ойнап, 1905 жылғы Олимпиадада екінші орын алған.

  • «Король өлді, король жасасын!». Бұл қанатты сөзді Екатерина Медичи өз ұлы қайтыс болған сәтте айтқан деседі.

  • Элис Чейс атты доктор «Дұрыс тамақтанудың денсаулыққа пайдасы» туралы кітап жазған. Бұл тақырыпта көп еңбектенген ол тамақ таппай, аштан өлген.

  • I Елизавета 1762 жылы қайтыс болған сәтте оның киім гардеробында 15 000 көйлегі болған.

  • Моцарт 3 жасынан бастап музыка жаза бастаған.

  • Танымал адамдар қатарында әлемде ұрпақсыз қалған бір жазушы бар. Ол – Уильям Шекспир. Барлығы қайтыс болып кеткен.

  • Ал Себастьян Бахтың 100-ге жуық ұрпағы музыка өнерін өзіне серік еткен.

  • Өзінің кезекті шығармасын шығарар алдында Бетховен басына мұздай су қояды екен. Оның ойынша, мұздай су миын тыныштандырып, шабытын оятады екен. Бетховен өзінің атақты тоғызыншы симфониясын жазған сәтте оның құлағы түк естімейтін болған.

  • Бальзактың бір тақырыпқа арнаған бірнеше кітабы бар. Галстук туралы.

  • Немістің атақты физигі Эйнштейннің өлер алдындағы сөзі өзімен кетті. Ол қайтыс болғанда оның жанында отырған медбике неміс тілін білмеген.

  • Эйнштейн Чарли Чаплинге былай деп хат жазыпты: «Сіздің фильмдеріңізді мен сүйіп көремін. Талантыңызды бүкіл әлем мойындайды. Құрметпен Эйнштейн». Ал оған талантты актер былай деп жауап беріпті: «Сіздің салыстырмалы теорияңызды әлемде ешкім түсінбесе де, бәрібір ұлы адамсыз!»


Дерккөз: http://stan.kz

    ®Азияинфо - Asia info™ | Сілтеме | Дереккөз | Авторлық құқық™
    Бөлісу тақырыбы: Азияинфо - Asia info » Атақты адамдардың өмірде болған оқиғалары
    Тұрақты сілтеме: /A_news/2017-06-30/799.html