Шынайы махаббат адамды жақсы жағына қарай өзгертеді

Шынайы махаббат адамды жақсы жағына қарай өзгертеді. Ғашық адам мейірімді, жұмсақ, жомарт боп, нұр шашып тұрады. Ғашықтардың жүзі бақыттан нұрланып, шуақ шашып жүреді. Сүйіктісіне қарап күлгенде әйелдің қандай сұлу болатынын көрдіңіз бе? Қандай косметика мұндай сұлулықты бере алады? Оның тіпті терісі құлпырып, мөлдір шұғыла шашады. Ғашық жігіттің көзқарасы сенімді, көңілі тоқ болады. Өз үйірінде жүрген арыстандай әр қадамы нық. Бастаған ісі алға басып, шаруасы өз-өзінен дөңгелеп, сәтімен қабыса кетеді. Шын махаббат күш-қайраттан айырмайды, керісінше нәр береді. Құмарлық қой жүректі кептіріп, адамды ашушаң, ызақор, жан дүниесін бос қылатын. Махаббат жан тыныштығын сыйлайды, тәніңді нәзік, сезімтал етеді. Махаббат көптік етпейді. Адам жаны махаббатқа тәні тамаққа мұқтаждықтан да аса зәру. Бір-біріңізге махаббат сыйлаңыздар! Бір-біріңізге қанат байлаңыздар!


Алина Ермолаева

Аударған Шынар Әбілдә

asiainfo.kz

®Азияинфо - Asia info™ | Сілтеме | Дереккөз | Авторлық құқық™
Бөлісу тақырыбы: Азияинфо - Asia info » Шынайы махаббат адамды жақсы жағына қарай өзгертеді
Тұрақты сілтеме: /A_kop/Otbasy/2019-07-01/1149.html