Біліп жүрші...


Өзінің бар болғаны қаншалықты маңызды екенін білмейтін адамдар бар. 

Өзіне қаншама адамның мұқтаж екенін білмейтін адамдар бар. 

Өзгенің өмірінде жай ғана пайда болғаны зор бақыт екенін білмейтін адамдар бар. 

Өзгелерге жай күліп қарағаны қаншама қуаныш сыйлайтыны білмейтін адамдар бар. 

Өзінің етене жақындығы бізге олжа екенін білмейтін адамдар бар. 

Ол жоқ болса өзін жер бетіндегі ең соңғы қайыршыдай сезінетін адамдар барын білмейтіндер көп. 

Кей адам өзінің Көктің сыйы екенін білмейді. 

Әттең, соның бәрін дер кезінде айтсақ, білер еді. 


Бруно Ферреро

Аударған Шынар Әбілдә


®Азияинфо - Asia info™ | Сілтеме | Дереккөз | Авторлық құқық™
Бөлісу тақырыбы: Азияинфо - Asia info » Біліп жүрші...
Тұрақты сілтеме: /A_kop/psxologiya/2019-01-29/1130.html