Байымайтын он түрлі еркек

Байымайтын он түрлі еркек

Ақша табу, көл-көсір байлыққа кенелу әрбір ер азаматтың ең басты арманы. Дегенмен, көптеген еркектер құлшынғанымен, сәтсіздікке жолығып жатады. Ал шындығында ақша табудың өзі ер-азаматтардың мінез-құлқына байланысы болып жататыны тағы белгілі. Ендеше, ақша таба алмайтын еркектер кімдер?

✅ Жаңалық ашуға талпынбайтын, тәуекел бара алмайтын, батылдығы кемшін еркектер.

✅ Ел сөзіне оңай иланғыш, өзіндік ойлау тәсілі жоқ. Жұрт сөзіне ере кеткіш еркектер.

✅ Жанын қинамай, оңай олжаға батуды ойлайтын жалқау еркектер.

✅ Басқалардың талғамын сарапқа салып, дұрыс айтылған ақылды қабылдамайтын, өзіндік жоспар, жобасы жоқ, менменшіл еркектер.

✅ Арақ-шарапқа, той-томалақ, қонағасыларды сағалап жүретін, сауықшыл еркектер.

✅ Өз отбасындағы шағын істерге кесім жасай алмайтын, отбасында өзіндік орны жоқ еркектер.

✅ Шектен тыс атаққұмар, бет-беделшіл, еңбек етуді өзіне сөлекет сезінетін еркектер.

✅ Біреуге сенбейтін, көзі тар, қызғаншақ, аса күмәншіл еркектер.

✅ Орынсыз уәде бергіш, сөйте тұра айтқанын орындамайтын, табансыз, тұрлаусыз еркектер.

✅ Отбасындағы бар ақшасын орынды жұмсауды білмейтін, ертесіне өз-өзіне есеп бере алмайтын еркектер.


®Азияинфо - Asia info™ | Сілтеме | Дереккөз | Авторлық құқық™
Бөлісу тақырыбы: Азияинфо - Asia info » Байымайтын он түрлі еркек
Тұрақты сілтеме: /A_ekonomika/2017-10-26/980.html