Пауло Коэльо - Асқақ арман

Табиғат заңдылығына қарсы, біздің шын ниетімізден тыс жасалатын дүниенің бәрі бізге қалыпты көрінгенмен, Хақ Тағала үшін бұл – шындықты бұрмалау. Өз тозағымызды жан ұшырып іздейміз. Пенде баласы оны мыңдаған жылдар бойы өз қолымен қалап келді. Ендігі кезде әрбіріміз өзімізге ең қорқынышты тағдырды таңдауға құқылымыз.

Неше жыл армандаған азаматты өмірде жолықтырған сәтте оған ес-түссіз ғашық боламыз. Ақыл бұның қателік деп тұрса да, өзімізбен өзіміз күресеміз – бұл күресте жеңіп шығуды көздемейміз – түйсікпен алысамыз кеп. Бір сәтте сезім күш бермей кетеді – мен Ағылшын саябағында жалаңаяқ кетіп бара жатқан кеште ызғар мен дерттен жүрек күйіп, бойымды сезім жеңді, Ральф, сенің мені қалай қатты сүйгеніңді сезіндім. Мен де өзіңді ешкімді ешқашан сүймегендей сүйеді екем – сол себепті сенімен мәңгілікке қоштасамын. Өйткені, түсім өңіме айналса, сені ырқыма көндіруге бел байласам, сенің өмірің мендік болсын деп дәметемін де, ақырында бұл тілегім сезімді құлдыққа айналдырмақ. Арман одан мың есе асқақ. Бір елге барғанда – не бөтен өмірден - ол жақтан не әкететінімізге абай болғанымыз дұрыс. 

«Кинода ақыры немен бітетінін ешқашан көрсетпейді» деді ол өз-өзіне. Ары қарай – отбасы, асүй, бала-шаға, парыз болған суық төсек, некелі жарың болса да сирек қатынас, сосын көңілдесінің жазған хаты. Ұрыс шығарғың келеді. Сосын – бұл ешқашан қайталанбайды деген уәде. Ары қарай келесі хат (басқа әйелден) – тағы да ұрыс-керіс, ажырасамын деп доқ көрсету, бірақ бұл жолы ері уәде бермейді. Тек сені сүйемін деп жұбатады. Үшінші хат (үшінші әйелден), одан кейін әдетте үнсіздік. Ештеңе өзгермегендей түр танытады. Әйтпесе ерінен сені сүймеймін, қайда кетсең, онда кет дегенді есту ғана қалды. Мұндайды кинода көрсетпейді. Кино басқа өмір басталмай тұрып бітіп қалады.


Пауло Коэльо 

Аударған Шынар Әбілдә

Қабылан

®Қабылан - Ақпараттық порталы™ | Сілтеме | Дереккөз | Авторлық құқық™
Бөлісу тақырыбы: Қабылан - Ақпараттық порталы » Пауло Коэльо - Асқақ арман
Тұрақты сілтеме: /A_kop/Otbasy/2018-11-24/1125.html