Жапония конституциясына өзгерістер енгізіледі


Жапония Премьер-Министрі Синдзо Абэ көпшілік «бейбітшілік конституциясы» деп атайтын елдің басты құжатына өзгерістер мен толықтырулар енгізуге ниетті. 

Атап айтсақ, 1947 жылы қабылданған Конституцияның тоғызыншы бабында «халықаралық бейбітшілікке қол жеткізу үшін жапон халқы кез-келген соғыстан бас тартады әрі құрлық, теңіз және әскери әуе күштерін құрмайды» деп жазылған. Құжатқа қабылданған 70 жылдан бері бір де бір өзгеріс енгізілмеген. Алайда Синдзо Абэ аймақтағы геосаяси жағдайдың құбылуына байланысты конституцияның заман талабына сай келмейтінін алға тартты. Сондықтан 2020 жылға қарай бейбітшілік негіздерін сақтай отырып, Конституцияға мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін қорғаныс күшін құруға рұқсат ету туралы толықтыру енгізуге ұсыныс жасады. Оның айтуынша, Корей түбегіндегі ахуалдың ушығуына байланысты азаматтарымыздың өміріне төнген қауіпті көріп тұрып, тиісті шешім қабылдамау дұрыс емес.




Источник: http://24.kz/kz/zha-aly-tar/lemde/item/175610-zhaponiya-konstitutsiyasyna-zgerister-engiziledi

www.24.kz


®Азияинфо - Asia info™ | Сілтеме | Дереккөз | Авторлық құқық™
Бөлісу тақырыбы: Азияинфо - Asia info » Жапония конституциясына өзгерістер енгізіледі
Тұрақты сілтеме: /A_news/2017-05-03/604.html