Эверест шыңында 4 адамның жансыз денесі табылды

Эверест тауында тігілген шатырлардың бірінен 4 адамның жансыз денесі табылды. 

Екеуі – жол сілтеуші маман да, өзгесі – шетелдік альпинистер болып шықты. Алдын ала мәлімет бойынша марқұмдар оттегінің жетіспеуінен көз жұмған. Осылайша соңғы 3 ай ішінде мұнда 10 адам опат болып отыр. Жалпы адамзат тарихында жүрек жұтқан 4 мыңнан астам талапкер Эверест биігін еңсермек болған. Солардың 200-ден астамы шың басына жетпей, жарты жолда жан тапсырған.

Дерккөз: Www.24.Kz

®Азияинфо - Asia info™ | Сілтеме | Дереккөз | Авторлық құқық™
Бөлісу тақырыбы: Азияинфо - Asia info » Эверест шыңында 4 адамның жансыз денесі табылды
Тұрақты сілтеме: /A_news/2017-05-25/720.html