HONOR компаниясы MWC 2024 көрмесінде жасанды интеллектіні қолдайтын жаңа өнімдері мен технологиялары

4Capture.JPG

HONOR флагмандық HONOR Magic6 Pro смартфонының, жасанды интеллект технологиялары бар HONOR MagicBook Pro 16 ноутбугының жаһандық шығарылымын жариялап, жасанды интеллектінің жаппай қолданысқа енетін дәуіріне өту үшін инновациялық технологияларды таныстырды.

HONOR компаниясының бас директоры Джордж Чжао:

«Жасанды интеллект дәуіріне қадам басарда, HONOR аудиторияның тілектері мен қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін мүлдем жаңа, үздіксіз әрекеттестік тәжірибесін ұсынатын адамға бағытталған инновацияларды енгізуге ұмтылады. Біз пайдаланушы тәжірибесін өзгертетін және адам мен құрылғының өзара әрекеттесу шекарасын ұлғайтатын жасанды интеллектіні қолданатын жаңа HONOR смартфондары мен ноутбуктерінің жаһандық шығарылымы туралы хабарлауға қуаныштымыз»


HONOR Magic6 Pro көмегімен жасанды интеллект сиқырын ашыңыз 

HONOR Magic6 Pro экран сипаттамалары, түсіру сапасы және жасанды интеллект технологияларын пайдалануға негізделген жаңа пайдаланушы тәжірибесіндегі инновациялық әзірлемелерді көрсетеді. Адамзатқа бағытталған инновацияларды енгізуге ұмтыла HONOR MagicOS 8.0-ді ұсынды. Бұл – жасанды интеллект мүмкіндіктерін платформа деңгейіне асыратын және пайдаланушы ниетін болжай алатын жаңа интерфейсі бар Android 14 негізіндегі операциялық жүйенің соңғы нұсқасы.

Magic Capsule және Magic Portal мүмкіндіктері HONOR Magic6 Pro пайдаланушыларына жекелендірілген және интуитивті тәжірибе береді. Magic Capsule ішіндегі хабарландыруларды басу пайдаланушыға қосымша ақпарат алуға және әртүрлі қолданбалар арасында үнемі ауыспай-ақ жылдам әрекеттердің артықшылығын пайдалануға мүмкіндік береді. Magic Portal пайдаланушы әрекеттерінің мәнмәтінін түсіну үшін жасанды интеллект технологияларын пайдаланады, оған қоса қолданбалар арасындағы күрделі өзара әрекеттесуді бір қарапайым әрекетке дейін жеңілдетеді. Мысалы, Magic Portal мәтіндік хабарлардағы мекенжайларды таниды және Google Maps қолданбасына жылдам өтуді қамтамасыз етеді, ал өнім суреттері арқылы маркетплейстерге жылдам өту жүзеге асырылады. Серіктестер және әзірлеушілермен бірлесіп жұмыс істеу көмегімен Magic Portal бүкіл әлем бойынша танымал 100-ден астам қолданбаларды қолдайтын болды.

Жасанды интеллектіні қолданудың инновациялық тәсілдерін көрсету

HONOR тұтынушыларға барынша көп инновациялық технологияларды жеткізу үшін салалық серіктестермен белсенді түрде жұмыс істейді. HONOR және Qualcomm HONOR Magic6 Pro жүйесіне LLaMA 2 ауқымды тілдік моделін енгізді, ол сұрақ-жауап, мәтін құрастыру және тағы басқа тапсырмаларды орындауға көмектеседі. Сонымен қатар, көзді бақылау технологиясын пайдалану жағдайларын көрсету үшін HONOR компаниясы жасанды интеллект негізіндегі HONOR Magic6 Pro көзді бақылау жүйесін пайдалана отырып, көлікті қолсыз жүргізуді көрсетті. Бұл тұжырымдамалық концепт жасанды интеллектіні қолдайтын смартфон мен автокөлік арасындағы өзара әрекеттесу экран немесе дауыстық басқару аясынан шығып, орасан зор әлеуетке ие адам мен құрылғының өзара әрекеттесу саласын ашатынын көрсетеді.

Жаңа HONOR Falcon Al камерасымен кәсіби сурет түсіру сапасы

HONOR ультра жылдам түсіру, жылдам және дәл фокустау және суреттердің жоғары деңгейдегі детализациясы арқылы кәсіби деңгейде спорттық оқиғаларды суретке түсіру мүмкіндігін қамтамасыз етуді алдына мақсат етіп қойды. Жаңа HONOR Falcon AI үштік камерасы ең жақсы сәттерді, соның ішінде спорттық әрекеттерді автоматты түрде түсіруді қамтамасыз ететін HONOR AI Motion Sensing Capture функциясы үшін 28 есе үлкейтілген оқу базасын пайдаланады. HONOR Magic6 Pro-дағы жетілдірілген HONOR AI Motion Sensing Capture функциясы секіру, би және жекпе-жек сияқты спорт пен әрекеттердің кең ауқымын қамту арқылы алдыңғы буыннан асып түседі. Бұл оны спорттық іс-шаралар мен жарыстардағы маңызды сәттерді түсіру үшін тамаша серік етеді.

Соңғы HONOR Falcon камера жүйесі 2,5x оптикалық масштабтауы және 100x дейін сандық масштабтауы бар 180 Мп телефон фотокамерасын (f/2.6, OIS) қамтиды. HONOR Magic6 Pro сонымен қатар 50 Мп ультра кең бұрышты камерамен (f/2.0, EIS) және айнымалы апертурасы бар 50 Мп негізгі камерамен (f/1.4 және f/2.0, OIS) жабдықталған.

HONOR NanoCrystal Shield қорғанысы бар аса берік экран

HONOR Magic6 Pro құлау мен сызатқа ең төзімді HONOR NanoCrystal Shield экранымен жабдықталған. Ол – нанокристалды әйнек үстіне жалатылған кремний нитриді қабаты. Қаттылығымен және сызаттарға деген төзімділігімен танымал кремний нитриді дисплейдің жақсартылған күші мен ерекше беріктігін қамтамасыз етеді, кәдімгі нанокристалды шыныға қарағанда 10 есеге дейін асқан құлаудан қорғауды қамтамасыз етеді.

HONOR Magic6 Pro аз қуат тұтынатын және саладағы жетекші ендік-импульс модуляциясының 4320 Гц жиілігі, динамикалық жарықтығы, жасанды интеллект алгоритмдерін қолдайтын жетілдірілген «Циркадиялық түнгі экраны» және Nature Tone функциясы бар өз класындағы ең жақсы 6,8 дюймдік LTPO Eye Comfort дисплейін ұсынады.

Инновациялық өнімділік

HONOR Magic6 Pro Snapdragon® 8 Gen 3 мобильді платформасының негізінде жұмыс істейді. Оның арқасында процессор өнімділігі 30% және GPU өнімділігін 25%-ға артты. Qualcomm® AI Engine қозғалтқышының көмегімен HONOR Magic6 Pro-дағы AI мүмкіндіктері алдыңғы үлгілерге қарағанда өнімділік 98%-ға дейін жақсарды. Оған қоса, Snapdragon® 8 Gen 3 мобильді платформасы қуат тиімділігін және батареяның ұзақ қызмет ету мерзімін сақтай отырып, ерекше ойын тәжірибесін ұсынады.

HONOR Magic6 Pro-да HONOR E1 дискретті қуатты басқару чипі бар толығымен жаңа екінші буындағы кремний-көміртекті батареясы пайдаланады. 5600 мАс батарея төмен температурада ерекше өнімділікті қамтамасыз етеді, бұл пайдаланушыларға батареяның 10% таусылуымен -20°C температурада 81 минут бойы YouTube бейнелерін ойнатуға мүмкіндік береді. Оған қоса, 80 Вт HONOR SuperCharge сымды зарядтау және 66 Вт HONOR Wireless SuperCharge көмегімен пайдаланушылар HONOR Magic6 Pro құрылғысын 40 минут ішінде 100%-ға дейін зарядтай алады.

HONOR Magic6 Pro 157 ұпаймен DXOMARK жаһандық дисплей рейтингінде 1-ші орынға ие болды. Сонымен қатар, DXOMARK мәліметтері бойынша, HONOR Magic6 Pro түсіру сапасы, аудио, экран, батарея және селфи камерасы бойынша саладағы үздік атанды.

Жаңа HONOR MagicBook Pro 16 ноутбугы және HONOR Pad 9 планшеті

HONOR өзінің ең жаңа HONOR MagicBook Pro 16 ноутбугын жариялады. Ол әртүрлі операциялық жүйелердегі экосистемадағы құрылғылар арасындағы тәжірибені қамтамасыз ететін, хабарландыруларды үйлестіретін және смартфондардағы, планшеттердегі және ноутбуктердегі файлдар мен қолданбалармен өнімді жұмысты қамтамасыз ететін жасанды интеллект технологияларымен жабдықталған.

Сонымен қатар HONOR мобильді форматтағы жұмыс пен ойын-сауыққа арналған HONOR Pad 9 планшетін шығарды. Планшетте 120 Гц жаңарту жиілігі бар 12,1 дюймдік 2,5 К дисплей және үш жағында орналасқан сегіз динамик орнатылған аудио жүйесі бар. Сонымен қатар, пайдаланушылар құжаттармен жұмыс істеу үшін ыңғайлы пернетақтаны сатып ала алады.

PORSCHE DESIGN HONOR Magic6 RSR тизері

MWC көрмесінде HONOR компаниясы PORSCHE DESIGN HONOR Magic V2 RSR жиналмалы смартфонының жаһандық нұсқасын ұсынып қана қоймай, сонымен қатар мотоспорттан шабыт алған және Porsche жарыс автомобильдерінің эстетикасына сілтеме жасайтын HONOR Magic6 RSR-ді көрсетті.


®Азияинфо - Asia info™ | Сілтеме | Дереккөз | Авторлық құқық™
Бөлісу тақырыбы: Азияинфо - Asia info » HONOR компаниясы MWC 2024 көрмесінде жасанды интеллектіні қолдайтын жаңа өнімдері мен технологиялары
Тұрақты сілтеме: /A_news/2024-03-17/1173.html