Жоқшылыққа апаратын 5 әдет

Кейбіреулер «қанша ақша тапсам да берекесі жоқ, еш жетпейді» деп жатады. Тапқан табыстың берекелі болуы, әрине, көптеген факторларға байланысты. Ал психологтар адамның материалдық жағдайының үнемі нашарлығы оның мінез-құлқына да байланысты екенін анықтаған.

Олар:

Жоқты айтып, өміріне шағым жасау. Өзін-өзі аяп, диванда «жоқты» айтып жата беретін адамға ақша қайдан келсін?!

Дүниеқұмарлық. Қасыңда әйелің, балаларың, жақындарың, достарың болмаса, бақыт айфон, көлік, әдемі киіну мен әдемі тамақтануда емес екенін әлемнің атақты миллиардерлері мойындаған.

Өзімшілдік. Өзім еңбектеніп тапқан табыс, тек өзіме жұмсауым керек деу, өзгелерге көмек ретінде беріп, жақсылық жасаудан гөрі, өз басына жұмсағанды дұрыс санау.

Ысырапшылдық. Ақшаны керекті-керексіз нәрселерге, орынсыз жұмсау.

Қолда барлы қанағат тұтпау. Алланың беріп жатқан ризық-несібесіне алғыс білдіріп, бар нәрсеге шүкіршілік етпеу.

Дерккөз: http://www.jastar.kz



®Азияинфо - Asia info™ | Сілтеме | Дереккөз | Авторлық құқық™
Бөлісу тақырыбы: Азияинфо - Asia info » Жоқшылыққа апаратын 5 әдет
Тұрақты сілтеме: /A_ekonomika/2017-07-02/804.html