Әдетте ертегілер қалай аяқталатынын білесің бе?

— Ал сен әдетте ертегілер қалай аяқталатынын білесің бе? 

— Әрине. Барлық Ханшайымдар Айдаһарлармен қосылып, бақытты да ұзақ ғұмыр кешеді. Өт-те ұзақ. Есі дұрыс, дені сау, бақытты Айдаһардың қанша жыл өмір сүретінін өзің де сезіп отырған шығарсың? 

— Хм, … неге Айдаһармен қосылуы тиіс? Әдепті, сүйкімді Ханзадалар қайда қалмақ? 

— Ханзада деймісің? Ханзада біткеннің бәрінің кешігіп келетін жаман әдеті бар. Ханшайым Ханзаданы күтіп жүргенде, бүкіл бос уақытын Айдаһармен өткізеді. Содан өзі де байқамай ғашық боп қалады ғой. Басында іш пысқаннан жай сөйлесе тұрайын деп ойлайды. Үңгірде қамақта отырғанда басқа кіммен сөйлесесің? Сосын қалай әңгімеге беріліп кеткенін сезбей қалады. Айдаһар деген керемет шешен боп шығады. Екеуі достасады. Дос боп жүреді, жүреді де – бір күні әлгі Айдаһарсыз өмір сүре алмайтын халге жетеді. Мүлде өмір сүргісі келмейтін боп қалады. 

— Дәл сол сәтте Ханзада кеп қалады ғой, түсінуімше? 

— Иә. Өзің түсінгендей, тым кеш келеді. 

— Ал сен ше? Сенің Ханзадаң қайда? 

— Не мен? Мен жақсы көріп қалдым. Өзімнің Айдаһарымды. 

— О... ааа... Ханзадаңа не дейміз? 

— Білмеймін. Үйде ешкім жоқ дей салайық.


Ян Каменский

Аударған Шынар Әбілдә

asiainfo.kz


®Азияинфо - Asia info™ | Сілтеме | Дереккөз | Авторлық құқық™
Бөлісу тақырыбы: Азияинфо - Asia info » Әдетте ертегілер қалай аяқталатынын білесің бе?
Тұрақты сілтеме: /A_adebiet/proza/2019-07-17/1154.html