Теледидарда нағыз шынайы өмірді көрсетпейді

Билл Гейтс: Теледидарда НАҒЫЗ ШЫНАЙЫ өмірді көрсетпейді. Шынайы өмірде кафеде күні бойы достармен отырып әңгіме соғу деген болмайды.

1. Өмір әділетсіз – үйреніңдер.

2. Қоғам Сіздің ӨЗІН-ӨЗІ БАҒАЛАУЫҢЫЗДЫ қажет етпейді. Сізден тек қана ЖЕТІСТІКТЕР күтеді.

3. Сіз мектеп бітірген соң жылына  60 000$ ақша таба алмайсыз. Сіз жеке жүргізушісі бар вице-президент бола алмайсыз, әзірше соған лайықты тер төгіп, жұмыс істегенше.

4. Егер сіз оқытушы сізге қатал қарайды деп ойласаңыз, бұл – әлі бастамасы. Шыдай тұрыңыз, сіздің әлі бастығыңыз болады.

5. Гамбургерді қуыру – сізге лайық емес ? Сіздің аталарыңыз бен әжелеріңіз басқаша ойлады. Олар үшін гамбургерді қуыру күн көруге тырмысу болып саналған.

6. Егер сіздің қолыңыздан ештеңе келмесе, оған сіздің ата-анаңыздың кінәсі жоқ, сондықтан қыңқылдаудың қажеті жоқ. Өз қателіктеріңізден САБАҚ АЛЫҢЫЗ, ҮЙРЕНІҢІЗ. Сәтсіздіктерге деген көзқарастарыңды өзгертіңдер.

7. Ата-аналарыңыз қазір сіздер ойлағандай өмірде жабырқаңқы болған жоқ. Сіздерге қамқорлық танытып, бәйек болуы олардың осындай болуына әсер еткен шығар. Олар сіздерді тамақтандырды, киіндірді, сіздердің тамаша балалар екендіктеріңізді айтып отырады. Сондықтан ата-ана тарапына кінә артқаннан гөрі өздеріңізден бастаңыздар.

8. Сіздің мектебіңізде жолы болмаған адамды бейшара деп ашық айту дұрыс емес шығар, мүмкін сіздің мектебіңізде жолы болмағандар мүлдем жоқ шығар, бірақ өмірде ондайлар көп. Кейбір мектептерде келесі жылға қалу мүмкін емес, себебі сізге емтихандарды ҚАНШАМА РЕТ ТАПСЫРУ керек, бұл келесі сыныпқа өту үшін қажет. Өмірде МҮЛДЕМ БАСҚАША.  

9. Өмір семестрге бөлінбейді. Сізде жазғы демалыс жоқ. Сізді жұмысқа алушы сізге ӨЗІҢДІ ҚАЛЫПТАСТЫРУҒА көмектеспейді. Сізге бос уақытыңызда осының барлығын жасауға тура келеді.

10. Теледидарда НАҒЫЗ ШЫНАЙЫ өмірді көрсетпейді. Шынайы өмірде кафеде күні бойы достармен отырып әңгіме соғу деген болмайды.

11. «Ботаниктермен» сыпайы болыңыз. Олардың біреуі кейін мектеп бітірген соң босс, яғни сіздің бастығыңыз болуы мүмкін.


®Азияинфо - Asia info™ | Сілтеме | Дереккөз | Авторлық құқық™
Бөлісу тақырыбы: Азияинфо - Asia info » Теледидарда нағыз шынайы өмірді көрсетпейді
Тұрақты сілтеме: /A_ekonomika/2017-05-17/700.html