Ресейлік мамандар кибершабуылдан қорғанудың жолдарын айтты

Талай елді әуре-сарсаңға салған кибершабуыл ІТ-мамандардың назарына ілінді. 

Киберқауіпсіздік тарихындағы ең күшті шабуылдың әсері әлемдегі мыңдаған бағдарламашы-қызметкеррді аяғынан тік тұрғызды. Дүйсенбі күні көптеген ұйымдардың жұмысы тежеліп, компьютерлер ақша талап ететін зиянды вирустарға толып кетті. Еуропа мен АҚШ-тың және Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің компьютер жүйелері істен шықты. Жалпы 150 мемлекет кибершабуылдан зардап шекті. 

Ақпараттық қауіпсіздік қызметінің есебі бойынша, зиянды вирустың әсері Ресейде көп байқалған. Ірі ұялы байланыс операторлары мен федералдық деңгейдегі компаниялардың жүйелері істен шығып, Ішкі істер министрлігі, тергеу комитеті секілді мемлекеттік құрылымдар да хакерлердің шабуылынан зардап шекті. Ресей ішкі Істер министрлігі мыңдаған компьютер вирустың әсерінен бұғатталғанын ресми түрде мәлімдеді. Алайда шабуылға тойтарыс беріліп, ақпараттардың жоғалуына жол берілген жоқ. 

Владимир Ульянов, Zecurion Analytics сараптау орталығының басшысы: - Адамдар ақпаратсыз қалады. Компьютерде сақталған қажетті мәліметтер ешқайда кетпейді. Бөтен біреу сіздің ақпараттарыңызды өзіңізге қарсы пайдалана алмайды. Олар құпиясөз бен банк карточкаларын ұрлауы мүмкін емес. Бірақ сіз өз компьютеріңізді басқара алмай қаласыз. 

Күшті кибершабуыл Ресейдегі компьютерлік жүйенің деңгейі қандай екенін көрсетті. Ақпараттық қауіпсіздігі мықты деген бағдарламаның өзі істен шықты. Мамандар мұны адамдардың жауапсыздығынан көреді. Себебі дәл осы вирустан қорғауға арналған жаңа бағдарлама екі ай бұрын шыққан екен.    

Владимир Ульянов, Zecurion Analytics сараптау орталығының басшысы: - Бұл шабуыл ақпараттық қауіпсіздік саласының қазіргі мәселесін ашып берді. Адамдардың жауапсыздығы осындай жағдайға әкелді. Себебі бұл вирус операциялық жүйесі жаңарған қазіргі компьютерлерге әсер ете алмайды. Бірақ қауіпсіздігі жиі жаңармайтын компьютерлер осындай қауіпті вирустарды жұқтырады.  

Апта басындағы шабуыл көптеген ұйымдардың қауіпсіздікке жауапты қызметкерлерін аяғынан тік тұрғызды. Киберқауіпсіздік саласының мамандары: «Компьютер жүйесін қорғайтын операциялық бағдарламаны жиі жаңартып тұру керек», – дейді. Хакерлерден сақ болу үшін қажетті құжаттардың көшірмесін де сақтап алған дұрыс.


Авторлары: Дана Нұржан, Александр Любителев

Дерккөз: Www.24.Kz


®Азияинфо - Asia info™ | Сілтеме | Дереккөз | Авторлық құқық™
Бөлісу тақырыбы: Азияинфо - Asia info » Ресейлік мамандар кибершабуылдан қорғанудың жолдарын айтты
Тұрақты сілтеме: /A_news/2017-05-17/695.html