Жетістікке жеткен адамның 7 ұстанымы

Шынар Әбілдә

Жетістікке жеткен адамның 7 ұстанымы

Осыны оқыған соң арман-мұратқа қалай жетуге болатынын анық түсінесіз. 



1. Жоғары белсенділік.
Бастамашыл болыңыз. Қажеттіліктен бұрын қимылдаңыз. Бұл ережені меңгермейінше, басқасына бас қатыру артық. 


2. Көрсету.
Нәтижесінде не алғыңыз келетінін елестетіп, соны көз алдыңызға әкеліп үйреніңіз – нәтиже мен мағынаны нақты айқындаңыз, бұлай істеп үйренбейінше, талпынудың мәнісі жойылады. 


3. Ең қажетті.
Приоритеттерді дұрыс таңдап үйрену. Күнделікті істердегі «жедел әрі шұғыл» дегеннің бәрін «маңызды әрі бастысы» дегенге ауыстырыңыз. Дұрыс бөлініс жасаңыз. 


4. Сіз әрдайым ұтасыз.
Алдымен сіз өзгелерге тәуелдісіз, сосын азатсыз, содан кейін барып адамдармен және ұйымдармен өзара тығыз байланысқа түсесіз. Бұл қалыпты жағдай. Осылайша ниеттес адамдарды іріктейсіз.

 
5. Түсіну.
Тыңдай біліңіз. Өзгенің сезімін түсінуге тырысыңыз. Адамдарға оларды түсінгеніңізді білдіртіңіз. Мені түсінді ғой деген түсінік – әр адам үшін өте маңызды құбылыс.

 
6. Синергия.
Пайдалы нәтиже үшін адамдарды біріктіре біліңіз. Синергияның мәні әр түрлілікті бағалау, мақтаулы қасиеттерді жетілдіре беру, осал мінезді түзеуге ықпал ету. 


7. Жетілу.
Өзіңізді өзіңіз жетілдіріңіз: тәніңізді, жаныңызды, рухыңызды, интеллектіні, әлеуметтік тұрғыда, көңіл күйді басқару жөнінде. Өмір деген тек жұмыс емес.


Елена Назарова
Аударған Шынар Әбілдә


®Азияинфо - Asia info™ | Сілтеме | Дереккөз | Авторлық құқық™
Бөлісу тақырыбы: Азияинфо - Asia info » Жетістікке жеткен адамның 7 ұстанымы
Тұрақты сілтеме: /A_ekonomika/2017-04-29/565.html