Дағдарыс кезінде қолданар 5 қарапайым кеңес
Интернетте болып жатқан қызу талқылау мен адамдар арасындағы соңғы әңгімелерге құлақ ассақ, бұл жаппай психикалық ауруға дағдарыс кезінде ұшыраған ауруларды елестетеді.
Доллар мен еуроның өсуі еңбек нарығында шешуші рөл атқаратындықтан, тұрғындардың мінез-құлығы күрделі ауытқуларды бастан кешіреді. Сонымен қатар, айтарлықтай уақыт өтісімен, адамдардың едәуір бөлігі іс-әрекеттерімен психикалық ауытқудың салдары әлі де барын көрсетеді.
1998 жылы сөрелердегі күріш, сары май, қант және басқа да тауар өнімдері санаулы күн ішінде таусылып отырғанын бүкіл ел болып бақыладық . Тауарларды қаптап, тіпті ондаған килограммен де алып жатты .
2008 жылы халық шаруашылығын тастап, қиындықтан қашуды қойып, екі қолға бір күрек алуды да ойламады. Екінші жағынан, біреулер өзіне иығы көтере алмайтын міндеттемелер алып, өтірікке белшесінен батты. Біреу үшін жүргізген кәсібі тығырықтан шығар жалғыз жол болып көрінді. Және осы адамдардың бәрі бірденеден айырылды. Тек ақша ғана емес, сенімін жоғалтып, құрмет және болашаққа деген армандарынан қол үзіп жатты.
Біз бұның бәрін бастапқы немесе өзге түрде көргенбіз. Сондықтан, дағдарыс кезінде қажет болар бес пайдалы кеңесті ұсынбақпыз:
1. САБЫР САҚТАҢЫЗ
Егер, сіз алдын-ала теңгені долларға ауыстырып үлгерсеңіз немесе табысты доллармен тапсаңыз, сіз ең бақытты жан шығарсыз. Бірақ, ондайлар аз. Тіпті, өте аз дер едім. Сондықтан, теңгесін қолына ұстап, доллар бағамын аңдып, жүрек дәрісін ішіп жатқан адамдарға сабыр сақтаңыз дегіміз келеді. Бағаммен бірге сөредегі тауар бағасы да қорқынышты түрде өсіп жатыр ма? Қорықпаңыз! Әрине, сіз ештеңе тапқан жоқсыз, бірақ көп зат жоғалтпадыңыз ғой.
Тек, ЛандКрузерді несиеге алып, оны теңгемен төлеп жатырмын демесеңіз болды. Бұлай қалжыңдап қорқытудың қажеті жоқ.
Сонымен, нарық биржасында қадалып қалған қарызыңыз болмаса, қорқатын ештене жоқ. Қайта-қайта доллар бағамын аңдуды қойыңыз. Одан да қолыңызға шай алып, көгілдір экраннан керемет бір кино көріңіз.
1. БЕЛ ЖАЗБАЙ ЕҢБЕК ЕТІҢІЗ
Қалыптасқан жағдайда, ең бастысы, жұмыс орныңыздан айырылып қалмасаңыз болды. Жұмыстан қол жазып қалсаңыз, нағыз қиындық сол кезде басталады. Алайда, біздің елімізде дағдарыс кезінде де жұмызсыздық деңгейі өте аз күйінде өзгермей қалады. Жұмыстан айырылып қалсаңыз, оны табу қиын болмайды. Бірақ, жалақыңыз азаюы мүмкін.
Сондықтан, өзіңізді қолға алып, жұмыс істеңіз. Дағдарыс кезінде басшылық білікті жұмысшыларды бағалайды. Өзіңізді көрсете алсаңыз, жалақыңыз да, лауазымыңыз да жоғарылайды.
3. ҚАРЫЗҒА АҚША БЕРМЕҢІЗ
Дағдарыс кезінде қаражат бәріне қажет. Сондықтан, дағдарыс кезінде қарыз сұраған өтініштерге ЖОҚ деп жауап беруді үйреніңіз. Үстеме пайызы неғұрлым үлкен болған сайын, жоқ дей алатын сабырлығыңыз бен құлшынысыңыз соғұрлым жоғарырақ болуы қажет.
Жоқ, Жоқ және Жоқ.
Қанша қиын болғанымен, үйреніңіз. Есіңізде болсын, қарыз алған адам оны қайтармақ түгілі, қарыз бергеніңіз үшін өзіңізді сөгетін болады. Сондықтан, таныстарыңызға, әсіресе туыстарыңызға қарыз беруден алшақ болыңыз. Бұл жақсы ештеңеге апармайды
4. ОРЫНДАЙ АЛМАЙТЫН УӘДЕ БЕРМЕҢІЗ
Орындай алмайтын уәде бермеңіз. Оның үстіне, тез арада орындалуы қажет уәдеден бойыңызды алшақ ұстаңыз. Дағдарыс кезінде жоспарлар өзгеріп отыруы мүмкін. Бірнеше айдан кейін орындаймын деген ісіңіз бір-екі күннен кейін есігіңізге қағуы мүмкін. Орындай алмай қалсаңыз ұятқа қаларыңыз сөзсіз. Дағдарыс өтеді де кетеді. Ал, жоғалтылған сенім қалпына келмейді.
5. ШЫҒЫНДАРЫҢЫЗДЫ ҚЫСҚАРТЫҢЫЗ
Дағдарыс- өз қаражатыңызды қайта жоспарлауға берілген тамаша мүмкіндік. Бұрын ойланбай ақша жұмсайтын қызығыңыз,шын мәнінде,сізге қажет пе?
Иә, бұл зат қажет. Бірақ, дәл қазір ол сізге керек пе? Осы сұрақты өзіңізге әрдайым сауда жасар алдында қойып отырыңыз. Жағдай өзгереді. Кеше қажет болып көрінген заттың бүгін еш қажеті болмай қалуы мүмкін.
Иә, бұл қарапайым кеңес. Жан-жағыңызға қараңызшы, дүкендерде, сауда орындарында не болып жатыр? Адамдар ескі бағаға тауар сатып үлгеру үшін түгел дүкенді көшіріп әкетуге дайын. Ал, сол қаншалықты дұрыс және кімге қажет?
Егер, бұл тауар сізге дәл қазір керек болса, оны арзан бағамен алудың жолын ойластырыңыз. Уақыт өзгерді, мүмкіндік де өзгерді.
Нарық биржасын қайта-қайта тексере бермей, өзіңізге қалыптасқан жағдайда тірі қалудың жағдайын жасаңыз. Жылы сөйлесеңіз, жылан да інінен шығар. Білетін бе едіңіз? Дұрыс адамдарға дұрыс сөйлесеңіз, қара уылдырықты да арзан бағамен алуға болады. Олай болса, іске сәт!
Біздің кеңестер сізге көмектескен болса, қуаныштымыз.
Ал, енді кішкене болса да, күлімдеңіз!
Дерккөз: Табыскер www.tabysker.kz
Бөлісу тақырыбы: Азияинфо - Asia info » Дағдарыс кезінде қолданар 5 қарапайым кеңес
Тұрақты сілтеме: /A_ekonomika/2017-05-30/729.html