Үлкен байлыққа апаратын жол тек қана пассив кірісте


ДЖОН РОКФЕЛЛЕРДІҢ ӨЗ КАПИТАЛЫН КӨБЕЙТУГЕ ЖӘНЕ САҚТАУҒА СЕПТІГІН ТИГІЗГЕН ЕРЕЖЕЛЕРІ:

1. Ақшаны үнемде. Азық-түлікті арзан және көтерме бағамен сатып алатын жерді ізде. Алдын ала сатып алатын заттарыңның тізімін жаса және тізімдегі затты ғана сатып ал. 

2. Егер ақшаң аз болса, өз кәсібіңді аш. Егер ақшаң мүлдем жоқ болса, кәсіпті тез арада жасау керек, дәл қазір!

3. Үлкен байлыққа апаратын жол тек қана пассив кірісте жатыр! Саған келетін кірістің сенің күш-жігеріңе қатысы жоқ. Сол кірістің көзін жаса да, рақаттанып өмір сүр!

4. Қарым-қатынас жаса! Ақша саған басқа адамдар арқылы келеді. Тұйық адамдар өте сирек байиды. Өз өмірің үшін 100 пайыз жауапкершілік ал. 

5. Әлемдегі бай адамдардың ойы мен өмірбаянын зертте. 

6. Арман – бұл сенің өміріңдегі басты нәрсе! Маңыздысы армандау мен арманның орындалуына сену! Адам армандауды қойған кезде, өлім жақындайды. 

7. Адамдарға көмектес! Ақша үшін емес, шын жүректен!


Аударған Мырзагелді Кемел


®Азияинфо - Asia info™ | Сілтеме | Дереккөз | Авторлық құқық™
Бөлісу тақырыбы: Азияинфо - Asia info » Үлкен байлыққа апаратын жол тек қана пассив кірісте
Тұрақты сілтеме: /A_ekonomika/2019-02-04/1133.html